Ақмола облысында жас ананың мәйіті табылды

Ақмола облысында жас ананың мәйіті табылды
ашық дереккөз

Ақмола облысында қайғылы жағдай орын алды. Жас ана өлі күйінде табылды.

Оқиға 26 маусым күні Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді. Жас әйел үйде ешкім болмаған кезде өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.

Марқұмның денесін үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан туыстары тапқан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң ұсынылады», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу