АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша уақытша келісімге келді

29.05.2026 23:10 Қарақат АСЫЛОВА
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша уақытша келісімге келді
223
Әлемдік мұнай тасымалына әсер ететін келісім жасалды

АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша уақытша меморандум жобасын келісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа келісім жобасына сәйкес, Иран Ормуз бұғазын қауіпсіз теңіз қатынасы үшін миналардан тазартып, 30 күн ішінде навигацияны қалпына келтіруге міндеттеледі. Сонымен қатар құжатта бұл стратегиялық аймақ барлық елдер үшін «шектеусіз халықаралық теңіз тасымалына» ашық болуы тиіс екені көрсетілген.

Өз кезегінде АҚШ Иранға салынған теңіз блокадасын кезең-кезеңімен алып тастау мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ келіссөздер барысында Иранның бұғатталған активтерін еріту және санкцияларды жұмсарту мәселесі талқыланбақ.

Меморандумның маңызды бөлігі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты. Тегеран байытылған уран қорларын қысқарту және уран байыту деңгейі бойынша келіссөздерді жалғастыруға міндеттеме алуы мүмкін.

Axios дерегінше, бұл құжат түпкілікті келісім емес, тек уақытша рамалық келісім ретінде қарастырылып отыр. Оның мақсаты — Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтып, әлемдік мұнай тасымалының ең маңызды бағыттарының біріндегі жағдайды тұрақтандыру.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай экспортының шамамен 25–35%-ы және сұйытылған табиғи газдың (СПГ) 20%-ы өтеді. Сондықтан бұл аймақ жаһандық экономика үшін стратегиялық маңызға ие.

Войдите, чтобы оставить комментарий