Алматы полициясы формалық киімге 1 млрд теңге жұмсамақ

29.05.2026 21:37 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы полициясы формалық киімге 1 млрд теңге жұмсамақ
124
Фото: Politico.kz
Алматыда полиция киіміне бөлінген қомақты қаржы қоғамда сұрақ тудырды

Алматы қалалық полиция департаменті формалық киім тігуге шамамен 1 миллиард теңге бөлуге ниетті,деп хабарлайды Politico.kz сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған лотта көрсетілген, деп хабарлайды тілшілер.

Лот сипаттамасына сәйкес, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Алматы қаласы Полиция департаменті. Сатып алудың атауы — «киім тігу жұмыстары». Жалпы көлемі бір шартты бірлік ретінде көрсетілген, ал жоспарланған қаржы — 1 000 000 000 теңге.

Құжатта бұл сатып алу «ерекше тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар» қатарына жататыны да айтылған.

Ең көп назар аудартқан жайт конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің өте қысқа болуы. Ол тек бір күнге, 29 мамырға ғана белгіленген. Қазіргі таңда лот «өтінімдерді қарау» кезеңінде тұр.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде және қоғам арасында түрлі сұрақтар туындатты: неге мерзім бір күнмен шектелді, 1 миллиард теңге нақты қандай көлемдегі киімге жұмсалады және баға қаншалықты негізделген деген пікірлер айтылуда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу процедурасының нәтижелері мен толық техникалық сипаттамалар жарияланған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий