АҚШ Украинамен КҚК-на соққы жасамау жөнінде келісімге келді

08.08.2026 12:02 Қарақат АСЫЛОВА
АҚШ Украинамен КҚК-на соққы жасамау жөнінде келісімге келді
191
Ашық дереккөз

АҚШ пен Украина Каспий құбыр консорциумы нысандарына шабуыл жасамау жөнінде келісімге келген, деп хабарлайды Politico.kz.

КҚК арқылы Қазақстан мұнайының басым бөлігі әлемдік нарыққа экспортталады. Сондықтан келісім Қазақстанның мұнай экспорты үшін маңызды болып отыр.

Bloomberg мәліметінше, уағдаластық АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдері мен Украина басшылығы арасындағы келіссөздерден кейін жасалған. Киев Қара теңіздегі КҚК нысандарына, сондай-ақ Новороссийск маңындағы терминалға бағыт алған ресейлік емес танкерлерге шабуыл жасамауға міндеттеме алған.

Алайда бұл келісім барлық кемеге бірдей қатысты емес. Кеме ресейлік мұнай немесе басқа да ресейлік жүк тасымалдамауы, Украина санкцияларына ілікпеуі және Ресей азаматтары мен компанияларына тиесілі болмауы тиіс.

Сонымен қатар Украина коммерциялық тасымалдаушылармен арнайы байланыс арналары арқылы жұмыс істей бастаған. Кеме иелері қауіпсіз өту үшін өз кемелері туралы ақпаратты алдын ала ұсына алады.

Войдите, чтобы оставить комментарий