АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалды: тың дерек шықты
АҚШ-тың Чикаго қаласында жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәліметінше, Чикагода жас жігіттің мәйіті табылды. Ол Қазақстан азаматы болуы мүмкін.
«Біз брифинг басталмас бұрын АҚШ-тың құзіретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алдық. Қазіргі кезде америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде. », - дейді Жетібаев бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Америка тарапынан марқұмның нақты кім екенін растайтын ақпарат түсуі керек. Сол кезде қосымша хабарлама таратылады.
Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзіретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та қазақ азаматы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік. Ол барлық құжаты мен ақшасын үйіне қалдырып кеткен.
Асет Құралбай АҚШ-та, Иллинойс штатындағы Чикаго маңында (Ford Heights ауданында) тұрып келген. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны өшірулі.
Соңғы жаңалықтар