АҚШ-та терроризм күдігімен ұсталған қазақстандық туралы СІМ мәлімдеме жасады

17.06.2026 15:21 Әсел МҰРАТ
АҚШ-та терроризм күдігімен ұсталған қазақстандық туралы СІМ мәлімдеме жасады
137
Фото: ICE

АҚШ иммиграция және кеден қызметі Еламан Балтагерейдің ұсталғаны туралы ақпаратты өз желісінде жариялады, деп хабарлайды Politico.kz. 

Осы мәселеге қатысты сыртқы істер министрлігіне сауал жолдадық.

Министрлік бұл жағдайдан хабардар болып шықты.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ресми деректер пайда болған кезде беріледі», - деп хабарлады СІМ тілшімізге.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың көші-қон және кедендік полициясы (ICE) Еламан Балтагерей есімді Қазақстан азаматын қамауға алғаны туралы мәлімдеді. Ол лаңкестік әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған.

Америкалық ведомствоның ресми мәліметіне сүйенсек, бұл ұстау шарасы алдын ала жоспарланған.Агенттіктің мәліметінше, ол 5 маусымда федералды серіктестердің қолдауымен қамауға алынған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 2025 жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты оны депортациялау туралы шешім шығарды, бірақ ол елде қалған.

Войдите, чтобы оставить комментарий