АҚШ-тың Иранмен соғысуға ақшасы жетпей жатыр: Пентагон миллиардтаған қаржы сұрады
АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Ирандағы әскери операцияны жалғастыру және оқ-дәрі қорын толықтыру үшін Конгрестен қосымша 88 млрд доллар көлемінде қаржы бөлуді сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Сенаттағы тыңдау барысында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің айтуынша, Иранға қарсы әскери операцияларға жұмсалған шығын қазірдің өзінде 37,5 млрд долларға жеткен. Оның ішінде сұратылған жаңа қаржының 67,1 млрд доллары тікелей Ирандағы операцияға бағытталмақ.
Тыңдау қысқа мерзімді бітімнің бұзылып, әскери қақтығыстар қайта жалғасқан кезеңде өтті.
Сенаторлар әкімшіліктен неге Конгрестен соғыс жүргізуге ресми рұқсат (War Powers Resolution) сұралмағанын сұрады. Бұған жауап ретінде Пит Хегсет Ақ үй президенттің Қарулы күштердің бас қолбасшысы ретіндегі конституциялық өкілеттіктеріне сүйеніп әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.
Алайда бұл жауап барлық сенаторларды қанағаттандырмады. Қазіргі таңда Сенат әкімшіліктің әскери өкілеттіктерін шектеу және қақтығыстан шығудың нақты жоспары ұсынылмайынша қосымша қаржы бөлуді тежейтін бірқатар бастаманы қарастыруға дайындалып жатыр.
Соңғы жаңалықтар