Ақтауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жасар жігіттің денесі теңізден табылды
Каспий теңізі жағалауында бірнеше күнге созылған іздеу-құтқару операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды. Туған күнінде достарымен демалуға кетіп, жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханов өлі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару жұмыстары Каспий теңізінің шомылуға жабдықталмаған учаскесінде жүргізілген.
Бозбаланың денесі бүгін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта судан табылды. Құтқарушылар марқұмның денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 18 жастағы жігіттің жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Ол Ақтаудан 46 шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауына достарымен бірге шомылуға барып, содан қайтып оралмаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...
16.10.2026
18:11
Жалған қызметтер мен күмәнді аударымдар: Боқаев...
16.10.2026
18:11
Павлодарда прокуратура қызметкері қағып кеткен ...
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...