Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлаған 64 жастағы атасы сотталды

04.02.2026 09:39 Арман Ермеков
Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлаған 64 жастағы атасы сотталды
416
Сотталған - қыздың әжесімен бірге тұрған.

Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды зорлаған 64 жастағы өгей нағашы атасына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz порталы 7tv.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 64 жастағы Қуандық Қозбақов Оразбайұлына жаза тағайындады. Судья Алтынбек Сабыров айыпталушыны Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен нағашы атасы 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сотталушы өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Негізінде айыпталған баптар бойынша заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда сот үкім шығарған кезде айыпталушының зейнеткер екенін ескерді. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Бұл оқиға өткен жылдың қазан айында Ойыл ауданында тіркелген болатын. 9-сынып оқушысы сабақ үстінде мектепте босанып қалды. Жасөспірімнің жүкті екенін айналасы байқамаған. Оқушы жүктілік кезінде үш рет медициналық тексерістен өтсе де мамандар ештеңе анықтамапты. Күдікті ретінде қыздың 64 жастағы туысы ұсталды.

Зардап шеккен қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Оны нағашы әжесі мен қазіргі сотталған өгей атасы тәрбиелеп келген еді. Оқиғадан кейін қыздың нағашы әжесі қаладан ауылға қайтып бара жатқан жолда жол апатынан қайтыс болды. Қазір мектеп оқушысы туған нәресте «Үміт» сәбилер үйіне тапсырылды. Ал қыздың өзі Ақтөбе қаласына ауыстырылып оқуын сол жақта жалғастырып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий