Ақтөбеде курсант қаза тапты
ЖАЛҒАСЫ
АҚТӨБЕДЕ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Диапазонның дерегінше 15 шілде күні таңертең Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының оқу-жаттығуында қайғылы жағдай болды. Жаттығу барысында парашютпен секірген курсанттың қауіпсіздік жүйесінде ақау шыққан, парашют ашылмай қалған. Соның салдарынан жас сарбаз ажал құшты.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер жеткенше курсанттың жүрегі тоқтап қалған. Медициналық мамандар оның сол жерде жан тапсырғанын растады.
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқан курсант Астанадан келген, тамыз айында 19 жасқа толуы тиіс болған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...