«Ақылы интимдік қызмет көрсеткен»: атышулы «Kizdar net» сайтының ұйымдастырушылары ұсталды
1189
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.
Тінту барысында ірі сомада қаражат, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...