"Ақыры адамдық қасиетімнен айырды": Сәрсемалиев сотта көзіне жас алды

18.05.2026 15:40 Мөлдір Қайнар
463
Фото: видеодан скриншот

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев сотта қанды қылмысқа отбасындағы ұзаққа созылған жанжал мен психологиялық қысым себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Атырау облысында өтіп жатқан резонансты сот процесі кезінде айыпталушы бұрынғы жұбайының туыстары олардың отбасылық өміріне үнемі араласқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жағдай жылдар бойы жалғасып, ақыры қайғылы оқиғаға әкелген.

«Әйелім екеуміз 10 жыл бірге тұрдық. Егер арамызда үлкен мәселе болса, бес баламыз дүниеге келмес еді. Бірақ әйелімнің туыстары біздің қарым-қатынасымызға шамадан тыс араласты. Мені әйеліммен араздастырды», – деді Сұлтан Сәрсемалиев сотта.

Айыпталушының айтуынша, жұбайының туыстары олардың ажырасуын қалаған. Сонымен қатар ол өзінен балаларын алыстатуға әрекет жасалғанын да жеткізді.

«Әйелімді де, бес баламды да менен тартып алмақ болды. Ауыр сөздер айтылды. Сол жағдайлар мені осындай қадамға жеткізді. Ақыры адамдық қасиетімнен айырылып қалдым», – деді ол.

Қазіргі уақытта іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде қаралып жатыр. Сот процесіне судья Зарема Хамидуллина төрағалық етуде.

Войдите, чтобы оставить комментарий