«Арқа сүйер адамым жоқ»: Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы ашық айтты

11.06.2026 09:31 Мөлдір ҚАЙНАР
«Арқа сүйер адамым жоқ»: Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы ашық айтты
358
Фото:instagram/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы ой бөлісіп, бүгінде барлық жауапкершілікті жалғыз өзі арқалап жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі өмірінің оңай емес екенін жасырмады. Оның айтуынша, күнделікті тірлік пен бала тәрбиесін қатар алып жүру физикалық тұрғыдан қиын болғанымен, моральдық жағынан өзін бұрынғыдан жеңіл сезінеді.

«Маған моральдық тұрғыдан ауыр емес. Өйткені арқа сүйер адамым жоқ екенін және мұның бәрін менен басқа ешкім істемейтінін түсінемін», – деді әнші.

Мақпал Исабекованың сөзінше, тұрмыста болған кезінде де үй шаруасы мен бала тәрбиесінің басым бөлігі өз мойнында болған. Алайда жанында жары бола тұра барлық міндетті жалғыз атқару әлдеқайда ауыр сезілетінін айтты.

«Некеде жүріп, қасыңда ер адам бола тұра бәрін өзің істеуге мәжбүр болсаң, жалғыздықты қатты сезінесің. Сондай кезде "Онда мұның бәрі не үшін керек?" деген ой келеді», – деп бөлісті ол.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік оның пікірімен келісетінін айтып, қолдау білдірді. :::

Войдите, чтобы оставить комментарий