Artsport жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды - министрлік
Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.
Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өту қажет.
«Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды», -делінген ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...
18.10.2026
09:26
Ақтөбеде белгілі дәрігер 53 миллион теңге жымқы...
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...