Асанәлі Әшімовтің жары актердің соңында қалған құпия жазбалары туралы айтты

04.09.2026 11:32 Мөлдір ҚАЙНАР
Асанәлі Әшімовтің жары актердің соңында қалған құпия жазбалары туралы айтты
516
Фото: instagram.com/assanali.ashimov

Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова «Время» газетіне берген сұхбатында халық әртісінің өмірден өткеніне сегіз ай өтсе де, оның жеке күнделігін не себепті жұртшылыққа жария етпей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, актер күнделігіне өте шынайы әрі ашық жазған, сол себепті оны жарыққа шығаруға әлі ерте.

«Асекеңнің күнделігін әзірге кітап қылып басып шығаруды жоспарлап отырған жоқпын. Онда тым ашық айтылған ойлар, өткір сындар өте көп, себебі ол өмірде өте тік мінезді, шындықты тура айтатын адам еді. Сондықтан оны жариялау үшін біраз уақыт өтуі керек», — деді жары.

Сонымен қатар Бағдат Әшімова актердің артында қалған аманаты — жастар труппасының бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Ол өзі жеке жастар труппасын құрып, соларға көркемдік жетекші болған еді. Қазір жігіттер қойылымдар қойып, басқа қалаларға гастрольге шығуды жоспарлап отыр. Бірақ өкініштісі — ұжымның әлі күнге дейін өз сахнасы мен ғимараты жоқ. Алматы әкімдігі бірде уәде берсе, бірде үнсіз қалады. Мен марқұмның осы бір арманын орындағым келеді», — деп ағынан жарылды ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий