Әскерге кімдер шақырылмайтыны белгілі болды

20.11.2025 20:56 Берік Арманов
Әскерге кімдер шақырылмайтыны белгілі болды
0
154
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, “Smart военкомат” жүйесі әскерге шақыртылуға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырту тізімінен шығарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес.

Әскерге бармайтын санатқа кім жатады:

1. Студенттер

- Университеттер мен колледждерде күндізгі бөлімде оқып жүрген азаматтарға шақырту жіберілмейді.

- Олар тек “оқуда болғандықтан әскерден босатылдыңыз” деген SMS алады.

 -Егер студент академиялық демалыс алса, әскери қызметке баруына рұқсат етіледі.

2. Денсаулығы жарамсыз азаматтар

- Медициналық көрсеткіштері бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

- Мүгедектігі бар азаматтар да автоматты түрде тізімнен шығарылады.

3. Әскерге шақырудан заң бойынша босатылған басқа санаттар

Ахмедиевтің айтуынша, жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды және оларды шақырту процестеріне қатыстырмайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий