Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға байланысты өз шындығын айтты

20.03.2026 23:39 Қарақат АСЫЛОВА
Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға байланысты өз шындығын айтты
300
“Бетпе-бет тұрсам үндемей қалмаймын”

Бүгін әлеуметтік желіде Айнұр Нарзиева актер Асқар Жұмабек өзін балағаттап, күш көрсетуге әрекет жасаған деп жариялады, деп хабарлайды Politico.kz. 

Модельдің айтуынша, оқиға жұмыс барысында орын алған және актер оның бетіне дөрекі сөздер айтып, шабуыл жасауға талпынған.

Алайда Асқар Жұмабек бұл мәлімдемені жоққа шығарып, тек ауызша жанжал болғанын растады. Актер әлеуметтік желіде жазған сөзінде:

“Жанжал болғаны рас, боқтағанымды мойындаймын. Бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей тұра алмаймын. Табиғатым сондай! Мені оятып жіберші дегенім өтініш еді. Ақтап алу, даттап алу әрқашан сіздердің қолдарыңызда. Мен де адам баласымын, тікелей ол қызға ешқандай жаман ойым, жаман ниетім жоқ. Бір Аллаға тапсырдым” – деп мәлімдеді.

Аталған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ресми құқықтық баға берілген жоқ. Белгілі болғандай, тараптар дауысты жанжалдан кейін бір-бірін кінәлаумен шектелді, ал нақты зорлық-зомбылық фактілері тіркелген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий