Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын деп, 24 млн теңгені қалтасына басқан

08.10.2026 • 18:28 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын деп, 24 млн теңгені қалтасына басқан
318
Фото: iStock

Астана қаласында балаларды халықаралық футбол турниріне Испанияға апаруға уәде беріп, ата-аналарды алдаған алаяққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның әрекетінен тоғыз отбасы зардап шегіп, келтірілген шығын 24 млн теңгеден асты.

Сот материалдарына сәйкес, сотталған азамат ата-аналарға жас футболшыларды Испаниядағы турнирге «бәрі қамтылған» жүйесі бойынша жіберетінін айтқан. Ол балалардың жарысқа қатысуы, әуе билеттері, визалары, сүйемелдеуі және спорттық киімдері үшін ақша жинаған.

Алайда ер адам уәдесінде тұрмаған. Жиналған қаражатты балалардың сапарын ұйымдастыруға жұмсамай, жеке қажетіне пайдаланған.

Нәтижесінде тоғыз отбасы материалдық шығынға ұшырады. Сот үкімімен келтірілген залалды өтеу міндеті де сотталған азаматқа жүктелді. Ол үш жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.

Астана прокуратурасы ата-аналарға балаларды шетелдегі спорттық жарыстарға жібермес бұрын ұйымдастырушылардың өкілеттігін мұқият тексеруге кеңес берді. Атап айтқанда, турнирге ресми шақырудың, келісімшарттардың, әуе билеттерінің және бронь растамаларының бар-жоғына көз жеткізу қажет.

Войдите, чтобы оставить комментарий