Астанада автобус пойызбен соқтығысты
Астанада Лесозавод ауданындағы теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде апат орнынан видео тарады.
Желі қолданушылары апаттың Лесозавод ауданындағы «Вагонозавод» автобус аялдамасының жанында болғанын атап өтті.
Астаналық полицияның мәліметінше, 20 маусымда «Ивеко» маршруттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өтіп бара жатып, келе жатқан локомотивке жол бермеген.
«Соққы салдарынан маршруттық автобус инерциямен Hyundai автокөлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі («Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...