Астанада кәмелетке толмағанға қарсы зорлық-зомбылық: Танымал ерікті ұсталды

14.03.2026 17:35 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада кәмелетке толмағанға қарсы зорлық-зомбылық: Танымал ерікті ұсталды
54
Әлеуметтік желіден

Астанада кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде Астанада 2008 жылы туған жасөспірімге зорлық жасалды деген ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, бұл іс бойынша екі ер адам күдікке ілінген. Олардың бірі – елордада танымал ерікті, «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының жетекшісі Дамир Салимов екені айтылып жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты редакциямыз Астана қалалық Полиция департаментінен пікір алды.Ведомство мәліметінше, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Дамир Салимов 2025 жылы өткен «Жыл еріктісі» сыйлығы аясында «Корпоративтік еріктіліктің көшбасшысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий