Астанада көші-қон полициясының экс-басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарады

01.09.2026 16:34 Әсел МҰРАТ
Астанада көші-қон полициясының экс-басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарады
116
Фото: ашық дереккөз

Астана полиция департаменты Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің елордада ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

Журналистің мәліметінше, бұрынғы полицейге қатысты да бұған дейін Астана қаласының көші-қон қызметі басшысының орынбасары Алия Мақаеваның ұсталуына себеп болған атышулы іс аясында сұрақтар туындады.
Сөз шетелдік азаматтарға құжаттарды, соның ішінде тұруға ықтиярхатты заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ туралы болып отыр.

«Іс бойынша басқа да күштік құрылым өкілдері қамауға алынған. Қазіргі уақытта бұл сыбайлас жемқорлық схемасының егжей-тегжейін ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті мен ҰҚК қызметкерлері тексеріп жатыр», - деп жазды журналист.

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін редакция Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады. Әзірге ресми жауап жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий