Астанада LRT аялдамасында өрт шықты
756
Сарайшықтағы LRT павильонында кабельдер өртенді
Астанада LRT аялдамасында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Астана қаласында салынып жатқан Astana LRT жобасының аялдама павильондарының бірінде өрт болды. Оқиға Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан аялдамада тіркелген. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Құтқару қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабар 112 пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан нысанның жертөле бөлігінде түтін байқалғанын анықтаған.
Алдын ала дерек бойынша, электр қалқанындағы кабельдер мен құрылыс қоқысы өртенген. Жалпы жану аумағы 10 шаршы метрді құраған.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
30.08.2026
12:23
Қазақстандық танымал журналист анасының қайтыс ...
30.08.2026
11:25
Алматыда ер адам самокаттан құлап, көз жұмды
30.08.2026
10:18
«Мұны мойындаймын»: Роза Рымбаева Заттыбек Көпб...
30.08.2026
09:23
37 жастағы ер адамды есінен танғанша ұрған: Сем...
29.08.2026
17:14
Ақмолада ер адам қозғалыста болған вагонның аст...
29.08.2026
17:00
Қазақмыс 2,5 мыңнан астам балаға мектепке жинал...