Астанада қала ішінде 216 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды

12.04.2026 11:13 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада қала ішінде 216 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды
365
Видеодан кадр
Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Астанада жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген 27 жастағы BMW жүргізушісін ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, жүргізуші жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 59-ы жылдамдықты асыру деректеріне қатысты.

Ең қауіпті жағдайлардың бірі оның Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл шамға өтіп кеткені. Сонымен қатар, бұған дейін рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүргені тіркелген. Полиция мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий