Сәтпаевта аурухана қызметкерлері жұмыс орнында ішімдік ішкен (ВИДЕО)

12.04.2026 09:28 Қарақат АСЫЛОВА
Сәтпаевта аурухана қызметкерлері жұмыс орнында ішімдік ішкен (ВИДЕО)
325
Ауруханада Наурызды «ерекше» атап өткен медқызметкерлер жазаланды

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында медицина қызметкерлерінің аурухана ішінде дастархан жайып, алкоголь ішкені қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz сайты Kozachkov offside-қа сілтемемен.

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Мәліметке сәйкес, жағдай Наурыз мерекесі кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, медициналық көмекке жүгінген тұрғындар аурухана ішінде алкоголь иісін сезіп, қызметкерлердің оғаш әрекеттерін байқаған.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, 21 наурыз күні күндіз мекеме аумағында Наурызға арналған ресми іс-шара өткен. Алайда кешкі уақытта кезекші дәрігер мен бірқатар қызметкерлер өз бетінше рұқсатсыз дастархан ұйымдастырып, спирттік ішімдік ішкен. Басқарма өкілдері аурухана әкімшілігі бұл шараға рұқсат бермегенін және жағдай туралы дер кезінде хабарламағанын атап өтті. Оқиға тек мерекелік демалыстардан кейін белгілі болған.

Тексеру нәтижесінде кезекші дәрігер жұмыстан босатылды. Сонымен қатар директордың міндетін атқарушы орынбасарына және екі медбикеге қатаң сөгіс жарияланды. Ал аурухана директорының жауапкершілігі оның еңбекке шыққаннан кейін тәртіптік кеңесте қаралатын болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий