Астанада пәтер өртеніп, үш бала көз жұмды

12.04.2026 • 10:04 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада пәтер өртеніп, үш бала көз жұмды
1079
15-қабаттағы өрт үш жасөспірімнің өмірін қиды

Астанада тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. Кейін ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан үш жасөспірімнің денесі табылған.

Өрт түнгі уақытта Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде шыққан.

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, ал тағы шамамен 40 тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оның шығу себептері анықталуда.

Қала әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Жағдай жергілікті биліктің бақылауында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий