Астанада тандырханада жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Астанада тандырханада жарылыс болды: зардап шеккендер бар
Фото: видеодан скрин

Астана қаласының Байқоңыр ауданында Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта  жарылыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

ТЖМ мәліметінше, 50 литрлік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған.

Құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олар ауруханаға жеткізілді.

Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. 

Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу