Астанада жас жігіт танысын пышақтап өлтірді
Астанадағы сауда орталықтарының бірінің маңында таныстар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде Тілендиев көшесінің аумағында орналасқан Рахмет сауда орталығының жанында ер адамға пышақпен жарақат салынғаннан кейінге оқиға орнынан түсірілген бейнежазба таралды.
Бұл жағдайға қатысты Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме беріп, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы жігіттің ұсталғанын мәлімдеді.
«Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Таныстар арасындағы жеке араздықтан туындаған сөз қақтығысы барысында күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Соңғы жаңалықтар