Астанадан келген тексерістен соң Атырау полициясының бірнеше басшысы қызметінен кетті

13.04.2026 11:33 Арман Ермеков
Астанадан келген тексерістен соң Атырау полициясының бірнеше басшысы қызметінен кетті
597
Фото: gov.kz
ЖАЛҒАСЫ

Атырау облысында Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті өкілдерінің тексерісінен кейін бірнеше полиция басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ақпарат таратқан «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, жұмыстан шығарылған басшылардың қатарында Атырау қалалық полиция басқармасы мен облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастықтары бар. Жалпы алғанда 5-6 басшылық құрамдағы қызметкер жұмысынан айырылған болуы мүмкін.

Мұндай кадрлық шешімдер есірткіге қарсы күрес бөлімшелеріндегі заңбұзушылықтарға қатысты болуы ықтимал. Себебі құқық қорғау органдарында кейбір қызметкерлер заңсыз есірткі айналымына араласып, қоластындағылардан ақша бопсалады деген сөз тарады.

Тексеру жұмыстары полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік және кадр бөлімдеріне де қатысты болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының өкілдері жүргізген бұл тексеріс пен кадрлық шешімдерге қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл жағдайға байланысты ешқандай жауап бермеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий