«Ата-анаң Құдай ма?»: Қанат Айтбаев сәлем салмайтын келіннен қорқады
3061
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуына қатысты өз ойын білдірді.
Ол алдымен үлкенге құрмет көрсетіп, сәлем салу келіннің сыйластығы мен ізеттілігін арттыратынын атап өтті.
Қазір келіннің «Ата-анаң Алла ма, Құдай ма? Сәлем салмаймын адамға» деп айтып жатқанын естіп қалғанда, тосырқап қаламын. Келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа да өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда, «Бақытты бол!» деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем салғанда, ол да «Бақытты бол! Өркенің өссін!» дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп, жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады, - деді Қанат Айтбаев.Желі қолданушылары оның айтқандарымен келісіп, әншіге деген ризашылықтарын білдіріп жатыр. Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
Соңғы жаңалықтар
27.06.2026
15:19
Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық зәулім ...
27.06.2026
14:16
Қазақстан Халық партиясын енді Нұрсұлтан Шоқано...
27.06.2026
13:17
«Бәрі рұқсат»: Нұрлан имамның пластикалық ота т...
27.06.2026
12:16
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: Бес ...
27.06.2026
11:16
Атырау үстінде әскери жойғыш ұшақ неге ұшты? Қо...
27.06.2026
10:19
Яна Легкодимованың өлімі: Қылмыскерлердің қайда...