«Атажұртқа қош келдіңіз»: Ердоғанды Астанада ерекше құрметпен қарсы алды (ВИДЕО)
1352
Астанада Ердоғанға арналған салтанатты қарсы алу өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Түркия президентінің ұшағы Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін оны елдің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі әскери жойғыштар сүйемелдеп отырды. Елорда әуежайында құрмет қарауылы сапқа тұрғызылып, арнайы рәсім өтті.
Қонақтарды қарсы алған балалар қос мемлекеттің туларын желбіретіп, қазақ және түрік тілдерінде «Атажұртқа қош келдіңіз!» деген тілек айтты.
Сондай-ақ әуежай аумағында Қазақстан мен Түркия туларын алып ұшқан тікұшақтар әуеде көрініс көрсетті.
Мемлекеттік сапар барысында қазақ-түрік ынтымақтастығын дамытуға қатысты маңызды кездесулер мен келіссөздер жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
13.08.2026
23:28
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі...
13.08.2026
22:22
Жантүршігерлік сәт: Алматыда автобустың әйелді ...
13.08.2026
21:09
«Пәтер алып беремін» деген мұғалім 22 млн теңге...
13.08.2026
20:08
Нұрай Серікбайдың анасы сот үкімінен кейін көз ...
13.08.2026
19:07
Алматыдағы крематорийге шетелдіктер де ағылған:...
13.08.2026
18:45
Тоқаев Ұлттық банк басшысынан есеп алды