Атбасарда жарыс кезінде астаналық футболшы қайтыс болды
Атбасар қаласында өткен өңірлік турнир кезінде 58 жастағы астаналық футболшы кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл ақпаратты тілшімізге Ақмола облыстық Полиция департаменті растады.
Полицияның мәліметінше, ер адамның өліміне жүрек аурулары себеп болған. Аталған оқиға бойынша қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«1968 жылы туған ер адамның өлімі фактісі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала анықталғандай, оның өліміне жүрек аурулары себеп болған. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментіндегілер тілшімізге.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...