Атырау әуежайына ұшақ шұғыл қонды: жолаушы көз жұмды
Ұшу кезінде денсаулығы күрт нашарлаған жолаушы Атырау халықаралық әуежайына қонғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға Түркиядан Ресейге ұшып бара жатқан шетелдік әуе компаниясының бортында болған. Әуе кемесі әуеде болған кезде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Осыған байланысты экипаж ұшақты Атырау әуежайына шұғыл қондыру туралы шешім қабылдаған.
Алайда ұшақ қонғаннан кейін шетел азаматының қайтыс болғаны анықталды.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған», – деп хабарлады ведомство.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...