Атырау облысында намаз оқитын күйеуі төртінші сәбиіне жүкті әйелін ұрып-соққан
Атырау облысының Индер ауданында жүкті әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
32 жастағы үш баланың анасы қазір төртінші сәбиіне аяғы ауыр.
Жәбірленушінің айтуынша, намаз оқитын жолдасы оған бұған дейін де бірнеше рет қол көтерген. Бірақ сол түні үйге мас боп келген. Күйеуі оны аяусыз соққыға жыққан. Бұл жолы әйел соққыдан кейін көршісінің үйіне қашып, көмек сұрауға мәжбүр болған.
Жәбірленушінің сөзінше, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына, «отбасыңды сақта» деп сабырға шақырған.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...