Атырау облысының экс-әкімінің ұлы Лондонда 1,3 млрд теңге тұратын пәтердің иесі болып шықты

Атырау облысының экс-әкімінің  ұлы Лондонда 1,3 млрд теңге тұратын пәтердің иесі болып шықты
15.05.2025 12:42
0
123
Лондондағы Kennignton Road көшесіндегі №346 үй

Атырау облысының экс-әкімі Берге Рысқалиевтың ұлы — Аслан Рысқали Ұлыбритания астанасы Лондонда құны 1,3 миллиард теңге тұратын қымбат пәтерге ие болды. Бұл ақпаратты "Выход к морю" телеграм-арнасы таратты.

Рысқалиевтер отбасы соңғы 12 жылдан бері Лондонда өмір сүріп келеді. Берге Рысқалиев Ұлыбританиядан саяси баспана алған. Қазақстан билігі оны ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен халықаралық іздеуге жариялап, сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

"Ақ Жайық" басылымы телеграм-арна көрсеткен мекенжай бойынша британдық жылжымайтын мүлік реестріндегі мәліметтерді тексеріп, ақпараттың расталғанын хабарлады. 2021 жылдың сәуірінде Аслан Рысқали Лондондағы 346-348 Kennington Road мекенжайынан төменгі қабаттағы пәтерді 1,51 миллион фунт стерлингке (ол кезде шамамен 1 миллиард теңге) сатып алған. Бүгінде бұл пәтердің нарықтық бағасы 1,88 миллион фунт стерлингке жетіп, теңгеге шаққанда 1,3 миллиард теңгеден асады.

2024 жылдың ақпан айында Берге Рысқалиев Лондонда Назарбаевтың бұрынғы әкімшілігі басшысы Аслан Мусинмен бірге көзге түсті. Ал 2025 жылдың мамырында Аслан Мусиннің Черногория азаматтығынан айырылуы мүмкін екені жөнінде ақпарат тарады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий