Атырауда ер адам 17 жастағы бойжеткенді зорлап, жүкті еткен

31.08.2026 10:06 Әсел МҰРАТ
Атырауда ер адам 17 жастағы бойжеткенді зорлап, жүкті еткен
245
Фото: depositphotos.com

Атырауда 17 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адам кейін оған үйленуді ұсынған, деп хабарлайды Politico.kz «Ақ Жайық» порталына сілтеме жасап.

Жәбірленуші ер адаммен кәмелетке толмаған кезінде танысқанын айтады. Оның сөзінше, ер адам оны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Кейін қыз жүкті екенін білген.

Осыдан соң ер адам оған тұрмысқа шығуды ұсынған. Алайда сол уақытта оның заңды әйелі және алты баласы болған.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам кейін оған күш қолдана бастаған. Осы жағдайлардың бірінен соң ол полицияға арыз жазған. Алайда ер адамның әйелі кешірім сұрағаннан кейін арызын қайтарып алған.

Қыз жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінгенін айтады. Оның сөзінше, соңғы арызын тамыз айында жазған. Алайда кейін қылмыстық істің тоқтатылғанын білген.

Қазір жәбірленуші 18 жасқа толған. Ол көмек сұрап құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға жүгінген. Құқық қорғаушы бұл жағдайды Threads әлеуметтік желісінде жариялаған.

Ләззат Рақышеваның айтуынша, қыз болған жағдайды ұзақ уақыт бойы отбасынан жасырған. Сонымен қатар жәбірленуші ер адаммен WhatsApp арқылы байланыста болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий