Атырауда Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
1241
Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 33 жастағы орынбасары Талғат Бисен пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, шенеунік Құрманғазы ауданынан іссапардан оралғаннан кейін облыстық әкімдік ғимаратында ұсталған. Дереккөздердің хабарлауынша, ол мердігер компания басшысынан пара алды деп күдіктелуде.

Шенеунікке қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақша берген ЖШС басшысы да ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара беру») бойынша тергелуде. Мердігер компанияның кеңсесінде және облыстық әкімдік ғимаратында тінту жұмыстары жүргізілген.
Қазіргі уақытта Талғат Бисен ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Алайда, тергеу оның бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторына қамауға алу туралы өтініш білдіруге ниетті.
Тергеу жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...
25.09.2026
15:30
«Әділет» партиясы әскерилердің отбасыларына көм...
25.09.2026
14:34
Каспийде аман қалған үш сарбаздың бірі жағаға ө...