Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы Түркістанда жерленді

25.09.2026 • 16:44 Қарақат АСЫЛОВА
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы Түркістанда жерленді
621
Фото: әлеуметтік желіден

Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жеріне жеткізіліп, бүгін Түркістанда жерленді. Ол қайғылы оқиғада көз жұмған 14 әскери қызметшінің арасындағы жалғыз аға лейтенант еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, марқұмның денесі 25 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында арнайы ұшақпен Түркістан әуежайына жеткізілген. Сол күні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп, жаназа намазы оқылды.

Олжас Мұхтарұлы 2003 жылғы 9 ақпанда туған. Ол 23 жаста еді.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде болды. Ауа райы бұзылып, жел күшейгенде әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. 14 адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Қаза тапқандар:

  1. аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
  2. сержант Мансұр Ғұмаров;
  3. мерзімді қызметтегі матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
  4. мерзімді қызметтегі матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
  5. мерзімді қызметтегі матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
  6. мерзімді қызметтегі матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
  7. мерзімді қызметтегі матрос Жеңіс Тлеуұлы Темірғалиев;
  8. мерзімді қызметтегі матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
  9. мерзімді қызметтегі матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
  10. мерзімді қызметтегі матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
  11. мерзімді қызметтегі матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
  12. мерзімді қызметтегі матрос Ақжайық Болатбекұлы Ғилаж;
  13. мерзімді қызметтегі матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев;
  14. мерзімді қызметтегі матрос Мирас Тұрдыбекұлы.

Бұған дейін Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілген болатын.

Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігі 5 лауазымды тұлғаның ұсталғанын хабарлады.

Бүгін, 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

Войдите, чтобы оставить комментарий