Атыраудағы қанды қылмыс: Тергеу жаңа деректерді айтты

23.05.2026 13:37 Қарақат АСЫЛОВА
Атыраудағы қанды қылмыс: Тергеу жаңа деректерді айтты
238
40-тан астам куәгер: Қарабалиндер ісі қалай ашылды?

Атырауда Қарабалиндер әулетінің өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты kznews.kz-ке сілтемемен.

Іс бойынша басты күдікті ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев тартылып отыр.Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қайын жұртының өліміне қатысы барын мойындаған. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр, ал түпкілікті шешімді сот шығарады.

Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратовтың айтуынша, істі ашу барысында 40-тан астам адамнан жауап алынған. Олардың қатарында марқұмдардың туыстары, көршілері және оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар бар.

Тергеу басында оқиға із-түссіз жоғалу дерегі ретінде тіркелген. Кейін полиция күдіктінің байланыстарын және қаржы қозғалысын тексере бастаған. Банктік шоттардағы ақша аударымдары мен шығындар мұқият зерттелген.

Тергеу барысында күдікті Сәрсемәлиевтің шотына белгілі бір сомада қаражат түскені анықталған. Сонымен қатар ауылға қатынаған такси жүргізушісі табылып, оның куәлігі іске қосылған. Ол қараша айында ерлі-зайыпты мен баланы тасымалдағанын, кейін қайтар жолда басқа тұлғаның болғанын айтқан.

Қазіргі таңда сот процесі жалғасуда. Істің барлық мән-жайы сот барысында анықталады, ал айыптау немесе ақтау туралы түпкілікті үкім заңға сәйкес шығарылады.

Войдите, чтобы оставить комментарий