Әуежайда балалар Путинге Құрманғазы күйлерін орындады (ВИДЕО)
Домбырашылар ансамблі Путинге арнап өнер көрсетті
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сапар барысында ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылатыны күтілуде.
Елорда әуежайында Ресей Президентін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Қонақтарды қарсы алу рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Терминалда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың лауреаты Радмир Хайбуллин өнер көрсетті. Олар Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен құралған попурри орындап, мемлекеттік сапарға ерекше көрік берді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...