Әуежайда жолаушылар ұшағы өртке оранды

Әуежайда жолаушылар ұшағы өртке оранды
14.03.2025 10:20
0
193
видеодан алынған кадр

Американың Колорадо штатының астанасы Денвер қаласында төтенше жағдай болды: әуежайда American Airlines ұшағы өртке оранды, деп хабарлайды Fox News арнасына сілтеме жасаған  POLITICO.KZ.

14 наурызда орын алған оқыс жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Желіде тараған бейнематериалдардан түтінге оранған ұшақты және жолаушылардың ұшақтың қанатына шығып, қауіпсіз жерге жетуге тырысқанын көруге болады.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, American Airlines әуе компаниясының ұшағы қону жолағында өртке оранған. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында орын алған. Әуе компаниясы да ұшақ бортында өрт шыққанын растады, алайда дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт тез сөндіріліп, жолаушылар зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі белгісіз, тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий