Аяғым ауыр кезде ішіме отырды, басымды ұрды - блогер бұрынғы күйеуі туралы

Аяғым ауыр кезде ішіме отырды, басымды ұрды - блогер бұрынғы күйеуі туралы
17.06.2025 11:21
0
357
видеодан алынған кадр

"Қалаулым” жобасы арқылы танылған блогер Зарина Сапар бұрынғы күйеуі Айдос Игіліков туралы бар шындықты жайып салды.

Бұл туралы ол “Айтарым бар” подкастына берген сұхбатында айтты , — деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

”Ол бір нәрсе деп боқтады. “Боқтамаңыз” деп көтеріліп кеттім. А десе, мә дейтіндей жауап қайтардым. Бірақ боқтап, жаман сөз айтқан жоқпын. Дауыс көтеріп қана жауап бердім. Ол бұған ұнамай артқа қарай итерді. Итерген кезде пісіріп жатқан бәліштерге құлаймын. Сол сәттен бастап сүйікті адамға бірдеңе істеп беруге ниетім кетіп қалды. Мен де орнымнан тұрып табақпен бір ұрдым. Дастархандағы пышақты алып не мен, не сен өлесің деген ойым болды. Сол бір жағдайды айтып тұрмын. Ал екі күн бұрын аяғым ауыр, ішіме отырып алып басымды екі жаққа ұрды. Өзі біледі, еркек болса мойындайтын шығар”, — деді блогер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий