"Аяғыма жығылып кешірім сұрады": Айгүл Иманбаева жақын адамының сатқындығы туралы айтты

10.08.2026 12:56 Мөлдір ҚАЙНАР
789
Фото: әлеуметтік желі

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өмірдегі үлкен өкінішін ашық айтып, 25 жыл бойы жақын араласқан құрбысының сатқындығын баяндады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жаныңда жүрген адамға соқыр сеніммен қарауға болмайды. Себебі барлық сырыңды білетін жақын адам кез келген сәтте соққы беруі мүмкін.

"25 жыл бір құрбыммен өте жақын араластым, жақсы көрдім. Дәл сол құрбымнан жеті жыл бұрын алғаш рет белгі алдым. Үлкен алаяқтық жасады. Мен шыдамай бетіне айтқанда, ол аяғыма жығылып кешірім сұрады. Менің компаниямда директор болып жүрген қыздың кетуіне де ықпал етіп, ақыры кетіріп тынды", – деді Айгүл Иманбаева.

Актрисаның айтуынша, ең жақын тартып жүрген адамың іштей сенімен бәсекелесіп, жетістігіңді көре алмауы мүмкін.

"Бір жыл жеті ай өтті, әлі күнге дейін жоқ. Менімен жарыса бастады кейін. Артыңнан пышақ сұғып, бетіңе нөмірі бірінші жанашырың болып шығады. Барлық мақтау мен махаббат Аллаға ғана тән. Сондықтан енді ешкімді Алладан артық жақсы көрмеу керектігін түсіндім", – деп түйіндеді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий