Әйелі мен екі жасар қызын өлтірген 28 жастағы ер адам өмір бойына сотталды
Өзбекстанның Янгиюль қаласында 24 жастағы әйелі мен екі жасар қызын өлтірген 28 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекеттік айыптау мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 7 маусымында болған. Таңғы сағат 06:00 шамасында масаң күйдегі ер адам жұбайы тұрып жатқан пәтерге өз кілтімен кірген. Сағат 07:30 кезінде қонақ бөлмеде ұйықтап жатқан әйелінің басынан ұрып, одан кейін тұншықтырып өлтірген. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа қызғаныш себеп болған.
Шудан оянып кеткен екі жасар бүлдіршін бұл жағдайды көріп қойған. Айыптау қорытындысына қарағанда, айыпталушы баланы жатын бөлмеге апарып, зорлап, артынша өлтірген. Ол қыздың денесін қара спорттық сөмкеге салып, әкесінің үйіне апарып, ауладағы ескі дәретханаға тастап жіберген, ал келіншектің денесі пәтерде қалған.
Сот отырысында марқұм әйелдің анасы айыпталушыға ең қатаң жаза тағайындауды талап етті. Сотталушы процестің соңына дейін кінәсін мойындамады.
«Бұл менің қызым, менің балам еді. Мен ешқашан мұндай әрекетке барған емеспін, отбасымды жақсы көрдім», – деп мәлімдеді сотталушы ер адам.
Сот іс материалдарын, куәгерлердің түсініктемелерін және заттай айғақтарды зерделей келе, қылмыстар жиынтығы бойынша айыпталушыны арнайы режимдегі колонияда жазасын өтеу шартымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Соңғы жаңалықтар