Әйгілі американдық рэпер Эминем Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін

Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys сынды жұлдыздардың ауқымды шоуын ұйымдастыруымен танылған қазақстандық концерт ұйымдастырушы Альфия Нургумарова - елге аты аңызға айналған рэпер Эминемді (Маршалл Мэтерс) шақыруды армандайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
IZI TALK подкастында ол өзінің командасы 2026–2027 жылдарға арналған концерттік кестені құрастырып жатқанын жеткізді. Нургумарованың айтуынша, ірі концерттерді ұйымдастыруға алаңдардың қолжетімділігінен бастап, әртістердің кестесіне дейін көптеген фактор әсер етеді.
«Біз келесі жылға стадионды брондап қойдық. 2026 жылға арналған бірнеше үлкен есімдеріміз бар. Біздің имиджіміз өсіп келеді, бізге сенім арта бастады. Бұрын біз жай ғана офер жіберіп, жауап күтетінбіз, ал қазір өзімізге кері байланыс аламыз», — деді ол.
Ұйымдастырушының айтуынша, алдағы шоуларға қатысты жоспарларға логистика, валюта бағамы және жаңа стадион құрылысы мәселесі де әсер етуде. Қиындықтарға қарамастан, команда өз мақсатына берік:
«Әрине, біз Эминемді де алып келгіміз келеді. Неге болмасын?».
Соңғы жаңалықтар





