"Айсұлтан Назарбаевты Дариға тумаған": танымал журналист сұмдық дерек айтты
Журналист Гүлжан Ерғалиева марқұм Айсұлтан Назарбаевқа қатысты резонанс тудырған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, Айсұлтан Назарбаевты Дариға Назарбаева дүниеге әкелмеген.
Ерғалиеваның сөзінше, Айсұлтан мүлде басқа әйелден туған, ал ол әйел кейін қайтыс болған. Журналист бұл жайт Назарбаевтар әулетіндегі ықпал мен қарым-қатынасты түсіндіретін маңызды фактор екенін алға тартты.
«Айсұлтан Назарбаевты Дариға Назарбаева тумаған. Ол басқа бір әйелден туған. Осыған байланысты экс елбасының Дариға мен Рахатқа неге қарсы тұра алмағаны түсінікті болды», – дейді Гүлжан Ерғалиева.
Ол бұл құпияны Айсұлтанның өзі де кезінде жазғанын атап өтті.
«Айсұлтан бір жазбасында “шешем атамды уысында ұстауының себебі – мен атамның баласымын” деп айтқан еді», – деп қосты журналист.
Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, дәл осы жағдай Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің экс президентке ықпалының күштірек болуына себеп болған.
Соңғы жаңалықтар