Айыппұлға ренжіген зейнеткер полицейлердің көліктерін өртеп жіберді

23.07.2026 23:13 Қарақат АСЫЛОВА
Айыппұлға ренжіген зейнеткер полицейлердің көліктерін өртеп жіберді
259
Ашық дереккөз

Семей қаласында екі полиция қызметкерінің автокөлігін өртеп жіберген зейнеткерге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл 25 қаңтарда болған. Полиция қызметкерлері «Юность» шағынауданын патрульдеу кезінде бұрын сотталған, мас күйдегі ер адамды байқап, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік хаттама толтырған. Кейін ол туыстарына тапсырылып, үйіне жіберілген.

Алайда ер адам бұл жағдайға ренжіп, учаскелік полиция пунктіне қайта оралған. Ол өзімен бірге алып келген бензинді полиция қызметкерлерінің ғимарат маңында тұрған жеке Chevrolet Cobalt және Changan автокөліктеріне құйып, өрт қойған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына өкпелеп, осындай әрекетке барған.

Сот үкімімен зейнеткер 2 жыл 3 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол өртенген көліктер үшін 10 миллион теңгеге жуық материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Войдите, чтобы оставить комментарий