«Вокал да, талант та жоқ»: Бақыт Тұрман қазіргі шоу-бизнес пен көрермен талғамын қатаң сынға алды

05.10.2026 • 11:11 Мөлдір ҚАЙНАР
«Вокал да, талант та жоқ»: Бақыт Тұрман қазіргі шоу-бизнес пен көрермен талғамын қатаң сынға алды
124
Фото: әлеуметтік желі

Бақыт Тұрман отандық шоу-бизнестегі үрдістер мен көрерменнің бүгінгі талғамына көңілі толмайтынын ашық білдіріп, сахнадағы арзан танымалдықты өткір сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда зиянды әдеттерге әуес деп танылған кейбір өнер өкілдерінің жастар арасында сұранысқа ие болып жатқанына қынжылыс танытты. Әсіресе жуырда аншлагпен өткен концерттердің бірін мысалға келтіріп, сахнадағы орындаушылық деңгейдің төмендігіне назар аудартты:

«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», – деп ашынды өнер иесі.

Алайда Бақыт Тұрман өз жазбасында сынға алған әншінің кім екенін немесе нақты қай концерт туралы сөз қозғағанын дөп басып атамады.

Айта кетейік, өнер иесі бұл пікірді өзінің жеке көзқарасы ретінде жариялаған, ал жазбада айтылған ауыр сипаттамалар нақты тұлғаларға қатысты ресми расталған факті болып саналмайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий