Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміле жасасты

15.09.2026 21:47 Қанат АЙБАР
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміле жасасты
219

Журналист әрі «Ахуал сегодня» YouTube-арнасының авторы Азамат Омаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік араздықты қоздыру») бойынша айыпты деп танылды , деп хабарлайды Politico.kz.

Соттың мәліметінше, процестік келісім жасау туралы бастаманы тергеу сатысында Азамат Омаровтың өзі көтерген. Ол айыбын толықтай мойындап, өкінетінін білдірген. 

Сот үкімімен Омаровқа 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жылға дейін жарияланымдар жасауына тыйым салынды. Журналист сот залынан босатылды. 

Сот жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпталушының кінәсін мойындап, өкінуін, сондай-ақ оның кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий