Азаматтарды «сиырларға» теңеген діни ұстаз жауакершілікке тартылды
«Ұстазға» 100 мыңнан астам айыппұл салынды
Instagram әлеуметтік желісінде өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов азаматтарды қорлайтын видеоматериалдар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өз сөзінде адамдарды «сиырлармен» салыстырып, қоғамда теріс пікір тудырған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен Н.Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге айыппұл салынды. Құқық қорғау органдары азаматтарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертіп, өзге адамдардың көзқарасы мен сеніміне құрметпен қарауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...