Ажырасу – жеке таңдау: Дана Нұржігіт өз көзқарасын ашық айтты

Ажырасу – жеке таңдау: Дана Нұржігіт өз көзқарасын ашық айтты
06.05.2025 10:06
0
127
ашық дереккөзден

Белгілі тележүргізуші әрі қоғам белсендісі Дана Нұржігіт Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың ажырасқандарға салық салу жөніндегі ұсынысына түбегейлі қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында бұл бастаманы азаматтардың таңдау еркіндігіне қарсы әрекет деп бағалап, отбасылық мәселелерге қатысты қоғамдағы екіжүзділік пен теріс стереотиптерді сынға алды.

«Жалғызбасты әйелдің етегін не ел ашады, не жел ашады. Соны біле тұра өтірік «статусқа», екіжүзді өмірге бара алмайтын өзім тәуекел еттім кезінде! Еш өкінбеймін. Иә, ұл баланы жалғыз көтеру, әке де, шеше де болу оңай емес!» – деді тележүргізуші.

Дана Нұржігіт депутат Назаров келтірген деректерге назар аударып, бұл статистика қоғамда терең әлеуметтік зерттеулер жүргізуді қажет ететінін атап өтті.

«Бұл – “Неке және отбасы” кодексін қайта қарап, түбегейлі талдау жүргізу қажеттігін көрсететін қызыл белгі. Ажырасқандарға салық салу – абсурд. Бұл адамның еркіндігіне қарсы әрекет», – деп жазды ол.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың пікірінше, ажырасу тек жеке мәселе емес, ұлттың болашағына төнген қауіп. Осыған орай ол ажырасатындарға салық салуды ұсынған болатын. Алайда Дана Нұржігіт бұл бастаманы адамның таңдау еркіндігіне қол сұғу деп бағалап, оны «ақылға сыймайтын мәжбүрлеу» деп атады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий